"ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЕБЕРЛІК" КОНКУРСЫНЫҢ ЕКІНШІ КЕЗЕҢІ АЯҚТАЛДЫ
23.11.2022
Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінің 60-жылдығын мерекелеу шеңберінде өткізілетін "Педагогикалық шеберлік" конкурсының "Ашық оқу сабақтарын өткізу" екінші кезеңі аяқталды.
Конкурс мақсаты - жоғары кәсіптік білім беру сапасын арттыру, педагогтің оң имиджін қалыптастыру, педагогикалық тәжірибені анықтау және тарату, ЖОО оқытушысының кәсіби шеберлігін ынталандыру.
Барлық қатысушылар тапсырманы сәтті орындады. Нәтижесі студенттердің дауыс беру қорытындылары мен қазылар алқасының бағалау нәтижелерін шығарғаннан кейін анық болады. Екінші кезеңге үлкен тәжірибесі бар оқытушылар да қатысты.
Мысалы: Иксатова С.Т., Ныгметова Б.Д., Тохметова Г.М., Ахтаева Н.Х. Ал жас педагогтардан Рахимжанова А.Б., Дәулетова И. Г. сынды ұстаздар бар. Бірақ бәрінде толқумен қатар сабақты оқытуға деген қызығушылық пен өз ісіне деген сүйіспеншілік сезілді.
Барлық ашық оқу сабақтарында қазылар алқасының ұйымшыл тобы жұмыс істеді, олар оқытушымен бірге сабақ қорытындыларын талқылады.
Енді байқауға қатысушылардың соңғы үшінші кезеңі қалды. Ол 2022 жылдың 25 қарашасында өтеді, онда олар "ЖОО имиджін қалыптастырудағы менің рөлім" тақырыбында презентация, өнердің кез келген саласында өздерінің шығармашылық қабілеттерін көрсетеді. Байқаудың барлық қатысушылары номинацияға ие болады. Үздіктер дипломдармен және ақшалай сыйақылармен марапатталады.
Барлық тілек білдірушілерді әріптестеріне қолдау көрсетуге шақырамыз!