Перейти к содержимому страницы.

«ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЕБЕРЛІК» КОНКУРСЫ БАСТАЛДЫ!

29.11.2024

2024 жылдың 11 қарашасынан бастап Марғұлан Университетінде «Педагогикалық шеберлік» конкурсы өткізіледі. Конкурстың мақсаты жоғары кәсіптік білім беру сапасын арттыру, педагогтің оң имиджін қалыптастыру, педагогикалық тәжірибені анықтау және тарату, ЖОО оқытушысының кәсіби шеберлігін ынталандыру. Байқау үш кезеңнен тұрады:

  1. Құжаттарды тапсыру
  2. Ашық оқу сабақтарын өткізу
  3. Қорытынды: презентацияны көрсету, көпшілік алдында мастер-класс өткізу

1-кезең өз кәсібилігін көрсетуге, тәжірибе алмасуға және өз үлгісімен басқаларды шабыттандыруға дайын педагогтар өтті.

Сіздің тәжірибеңіз бен талантыңыз білім беруді жаңа биіктерге көтеруге көмектессін.

Әр қатысушыға сәттілік тілейміз!