“ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЕБЕРЛІК” БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ
27.12.2024
Марғұлан университетінде дәстүрлі “Педагогикалық шеберлік” байқауының жеңімпаздары анықталды. Байқау үш кезең бойынша өтті. Бірінші кезеңде қатысушылар құжаттарын тапсырып, өзінің ғылыми дүниетанымдық, психологиялық, педагогикалық және жалпы мәдени ұстанымын көрсететін ұстаздық портфолиосын ұсынды. Ал екінші кезеңде түрлі тақырыпта ашық сабақтар өткізді. Үшінші кезеңде берілген арнайы тақырып бойынша бейне-таныстырылым немесе слайд жасауы керек. Қатысушылар мұны да сәтті орындады. Бұл бөлімнің нәтижесін көрермендер мен қазылар алқасы Google-сілтеме арқылы дауыс беріп анықтады. Байқауға университеттің білікті-тәжірибелі профессорлары, оқытушылары төрелік етіп, әділ бағасын берді. Сонымен, 2024 жылғы «Педагогикалық шеберлік» байқауының бірінші орынын «Шет тілі: екі шет тілі» ББ PhD докторы, қауымдастырылған профессор (доцент) Айгүл Ахметова Болатқызы жеңіп алды. 2-орын PhD докторы, «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту педагогикасы» ББ оқытушы-зерттеушісі Фомина Татьяна Николаевнаға бұйырды. 3-орынды «Педагогика және психология» ББ қауымдастырылған профессоры Зара Қасымқызы Күлшарипова иеленді.