"ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЕБЕРЛІК" БАЙҚАУЫНЫҢ АШЫҚ САБАҚТАР МАРАФОНЫ АЯҚТАЛДЫ
06.12.2024
Марғұлан университетінде өткен "Педагогикалық шеберлік" байқауының ашық сабақтарының марафоны аяқталды. Соңғы сабақты педагогика жоғары мектебінің оқытушысы Жұлдыз Әлібаева өткізді. Сабақтың тақырыбы - «Инклюзивті білім берудегі ынтымақтастық технологиялары (мамандар мен ата-аналардың ынтымақтастығы)». Бұл – оқу процесінің барлық қатысушылары үшін қолайлы және қолжетімді білім беру ортасын құруға бағытталған. Жұлдыз Еркінқызы инклюзивті үдерістегі отбасы рөлінің маңыздылығын атап өтіп, тақырыптың өзектілігіне назар аударды. Бұл сабақта оқытушы теориялық негізді практикалық әрекетке үйлестіре отырып, марафонды сәтті аяқтады деуге болады.