Перейти к содержимому страницы.

«ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЕБЕРЛІК» БАЙҚАУЫНЫҢ 2-КЕЗЕҢІ АЯҚТАЛДЫ

27.12.2023

Байқау барысында Марғұлан Университетінің тәжірибелі және жас педагогтары қазылар алқасының мүшелеріне өздерінің оқыту шеберліктерін көрсетті. Олар әр түрлі педагогикалық әдістемелерді, оқу-тәрбие жұмысындағы тиімді тәсілдерді меңгергенін жоғары шеберлікпен көрсетті.
 
Өйткені, педагогикалық шеберлік-бұл оқыту және тәрбиелеу өнері. Бұл оқу-тәрбие жұмысының барлық түрлерін білім алушының жан-жақты дамуына, оның дүниетанымы мен қабілеттерін шыңдауға зор ықпал етеді.
 
Алда конкурстың үшінші – қорытынды кезеңі тұр, онда қатысушылар «ЖОО имиджін қалыптастырудағы менің рөлім» тақырыбында бейне-презентациялар көрсетіп, көпшілік мастер-класс өткізеді. Содан кейін қорытындылау және жеңімпаздарды марапаттау рәсімі болады.