Педагогика жоғары мектебінің профессор-оқытушылары Дүниежүзілік банктің оқу курсына қатысуда
29.04.2024
Алматы қаласында Дүниежүзілік банктің жобасы шеңберінде ADOS‐2 және АВА әдістемесі бойынша оқытудың 2 Модулі өтіп жатыр(27 сәуір мен 1 мамыр). Оған Педагогика жоғары мектебінің профессор-оқытушы құрамы - Б.А.Нұрмағамбетова, А.К.Мурзатаева, Э. Ю. Сәрсембаева, А.Б.Дүзелбаева, Д.С.Хамитова қатысты. Аталған курс даму бұзылуының кең спектрінде аутизм көріністерін диагностикалауға мүмкіндік береді.
Модульді оқытуды қолданбалы және мінез-құлық психологиясы бойынша сертификаттары бар кеңесшілері мен терапевттер - Сорокин Александр (Франция), Нұрова Айнур (Қазақстан), Самородова Варвара (Сербия) жүргізді. Тренинг аясында қатысушылар осы бағытқа қатысты нақты жағдайлар мен нақты мәселелерді талдауға мүмкіндік алды.