Перейти к содержимому страницы.

"ПЕДАГОГИКА МЕН ПСИХОЛОГИЯНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ" ТАЛҚЫЛАНДЫ

18.04.2024

Университетте «Жаңа қоғамдағы жастардың әлеуеті: білім мен ғылымның сапасы» атты XIX халықаралық студенттік ғылыми-тәжірибелік конференция өткен болатын. Конференция барысында «Педагогика мен психологияның өзекті мәселелері» секциясына «Педагогика және психология» білім беру бағдарламасының жетекшілері, профессорлық-оқытушылық құрам және студенттері қатысты.

Секциялық отырыстың қорытындысы бойынша, Бірінші орынды Ғалы Рабиға жеңіп алса, екінші орынға Иманжапарова Аяулым, Құсаин Маржан, Колосницина Елена ие болды. Ал үшінші дәрежелі дипломдар Уразгалинова Альбина, Касымова Айсулу, Гирич Анастасияғв лайықты деп танылды.

Жеңімпаздарға дипломдар және қатысқан барлық жас зерттеушілерге қатысу сертификаты берілді.