Перейти к содержимому страницы.

ПЕДАГОГИКА ЖОҒАРЫ МЕКТЕБІНДЕГІ СОҢҒЫ ҚОҢЫРАУ

19.05.2023

Марғұлан университетінің Педагогика жоғары мектебінде студенттер мен оқытушылардың ұйымдастыруымен «Соңғы қоңырау» мерекесі өтті. ЖОО аяқтау рәсіміне білім беру бағдарламалары профессорлық оқытушылар құрамы мен студенттер қатысты.

Педагогика жоғары мектебінің деканы Ботагөз Нұрмағамбетова барша ұстаздар мен түлектерді соңғы қоңырау мерекесімен құттықтады.

«Бүгін мен жоғары мектебіміздің, университетіміздің, еліміздің патриоттары болып табылатын барлық ұстаздар мен студенттерге ерекше алғыс айтқым келеді. Түлектеріміз барлық сынақтарды жоғары деңгейде тапсырды. Енді олар Марғұлан университетінің түлегі деген мәртебелі атақты әрқашан абыроймен алып жүретініне сенімдімін», - деді Ботагөз Амангелдіқызы.

Жоғары мектеп деканы ғылыми және қоғамдық жұмыстарда жетістікке жеткен және белсенді болған студенттерді Алғыс хаттармен марапаттады.

Көпшілік үшін есте қалатын сол күні жылы лебіздер, ізгі тілектер айтылып, түлектерге сәт-сапар тіледі. Түлектер ғажайып студенттік шақ пен студенттік өмірдің керемет сәттері туралы ән шырқады.

Олар жоғары кәсібилік пен біліктілік, мейірімділік, шыдамдылық, кез келген сұрақтарға жауап беруге дайындығы үшін Педагогика жоғары мектебінің барлық оқытушыларына алғыстарын білдірді.

Білім беру бағдарламаларының жетекшілері мен ұстаздары өз шәкірттеріне ризашылығы мен ақ тілектерін жеткізді. Олар студенттерге шығармашылық табыстар мен кәсіби даму тіледі.

Кіші курс студенттер түлектерге арнап әдемі құттықтаулар дайындап келіпті. Олар да ән айтып, би билеп, өлеңдер оқыды. 

Еске салайық, биылғы жылы Педагогика жоғары мектебін 500 түлек бітіріп жатыр. Оның 150-і «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі», «Педагогика және психология» және «Дефектология» білім беру бағдарламалары бойынша күндізгі бөлімнің түлектері.