Перейти к содержимому страницы.

ПЕДАГОГИКА ЖОҒАРЫ МЕКТЕБІНДЕ ШЕБЕРЛІК-СЫНЫБЫ

30.04.2024

Педагогика Жоғары мектебінің тәрбие және әлеуметтік мәселелер жөніндегі вице-деканы, "Педагогика және психология" білім беру бағдарламасының оқытушысы Арай Рахимжанова оқытушылар мен студенттерге арналған "Жеке тұлғаны қалыптастыру және өзін-өзі тәрбиелеу психологиясы" тақырыбында тренинг өткізді. Шеберлік сыныбына қытысушылар әріптестері теориялық білім алып қана қоймай, алған ақпаратты іс жүзінде қолдануға мүмкіндік алды.

-Семинар барысында жеке тұлғаның дамуы, әрбір іске бейімделуі, ортаға әсер ететін ішкі-сыртқа факторлар, өзін өзі дамыту, саралау мәселелері айтылды. Адам қандай да бір жетістікке жету үшін өз ізіне жиі есеп беріп отыруы керек. Міне, осы қағидалардың барлығын теория мен практика жүзінде ұштастырып көрсеттік. Мұндай тренингтер ісіресе студенттер үшін керек, себебі олар ортаға шығып, өз ойларын ашық жеткізуге дағдыланады, - деді Арай Бейсембайқызы.