Перейти к содержимому страницы.

ПЕДАГОГИКА ЖОҒАРЫ МЕКТЕБІ КЕҢЕСІНІҢ КЕҢЕЙТІЛГЕН ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

05.02.2024

Бүгін Марғұлан университеті Педагогика жоғары мектебінің кеңейтілген Кеңесінің отырысы өтті. Күн тәртібіндегі негізгі тақырып - білім беру бағдарламаларының мазмұнын талқылау. Сарапшылар ретінде Павлодар облысының Абай атындағы дарынды балаларға арналған мектеп-гимназия, №1 арнайы мектеп-интернаты, «Самал» оңалту орталығы, Павлодар қаласының №5, №6, № 7, №17, №21, №25, №30, №35, №36, №39, №41 орта мектептердің және М.Әуезов атындағы, М. Жүсіп атындағы, Кенжекөл орта мектептерінің мұғалімдері қатысты. Сондай-ақ, Павлодар қаласы №35, №38, №96 балабақшалары жетекшілері, әдіскерлері, тәжірибелі мұғалім-тәрбиешілері де қатысып, өздерінің пікірлерімен бөлісті.

Осындай шаралар университет үшін жоғары мектеп пен орта мектеп арасындағы коллобарацияны жүзеге асыруға мүмкіндік береді.