Перейти к содержимому страницы.

МАРҒҰЛАН УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ПАУЭРЛИФТЕРЛЕРІ ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНАТЫНДА 6 МЕДАЛЬ АЛДЫ

16.10.2023

Семейде ерлер мен әйелдер арасында классикалық пауэрлифтингтен Қазақстан Республикасының чемпионаты және ерлер мен әйелдер, жасөспірімдер, жастар арасында жеке жаттығулар бойынша және классикалық пауэрлифтингтен Қазақстан Республикасының чемпионаты аяқталды. Ауқымды жарыстарға Қазақстанның түкпір-түкпірінен 500-ден астам спортшы қатысты. Марғұлан университетінің алты спортшысы құрама сапында Павлодар облысының атынан шығып, чемпионаттың жеңімпаздары мен жүлдегерлері атанды!

Жарыс қорытындысы бойынша +84 келі салмақ дәрежесінде өнер және спорт жоғары мектебінің оқытушысы, қазіргі спортшы Окатенко Ксения Валерьевна бірінші орынды иеленді.

Жасөспірімдер арасында 57 келі салмақта ЖШжС-22 тобының студенті Олеся Жиляева сынға түсті. Ол ең жақсы нәтиже көрсетіп, 110 кг зілтемірді иыққа қойып, отырып-тұру, 85 кг стендтік пресс және 120 кг салмақ көтеру арқылы бірінші орынды жеңіп алды.
Чемпионатта біздің пауэрлифтер жігіттерге де тең келер ешкім болмады. 66 келіде өнер көрсеткен ДШжС-32 тобының студенті Вадим Плахотников, ДШжС -12с тобының студенті Руслан Кожевников (74 келіге дейін) және ДШжС -16 тобының студенті Сергей Нижегородов (83 келі) өз салмақ категорияларында абсолютті жеңімпаздар боп атанды.

ДШжС-12 тобының студенті Никита Лунев те тамаша өнер көрсетті. Ол жастығына қарамастан 53 келі салмақта Қазақстан Республикасы чемпионатының қола жүлдегері атанды.

Спортшыларды Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушылары, халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері, ағайынды Прокопенко Иван Валерьевич пен Андрей Валерьевичтер дайындайды, олар да біздің түлектер.

Жаттықтырушы Иван Прокопенко алматылық пен шымкенттік қарсыластар өте мықты болып, жақсы өнер көрсеткенін айтты. «Бәсеке өте күшті болды, сондықтан жеңіс оңай болған жоқ. Ендігі міндетіміз – Азия чемпионатына жақсы дайындалу», – деді ол.

Айта кетейік, жарыс қорытындысы бойынша желтоқсан айында Малайзияның Джохор Бахру қаласында өтетін Азия чемпионатына спортшылар іріктелді. Марғұлан университетінің екі студенті мен бір оқытушысы чемпионатқа жолдама алып, ұлттық құрама сапында еліміздің намысын қорғайтын болды.