Перейти к содержимому страницы.

Павлодарда «Қазақстан мұғалімі» ұлттық сыйлығы финалистерінің I-Аймақтық воркшопы өтті

05.11.2021

Павлодар педагогикалық университетінің базасында «Қазақстан мұғалімі – 2019, 2020, 2021» және «Болашақ мұғалімі» Ұлттық сыйлығының финалистерінің I-Аймақтық воркшопы өтті.

Іс-шараға Қоғамдық маңызы бар бастамаларды дамыту қоры өкілдері, "Қазақстан мұғалімі" байқауының финалистері, Павлодар облысының білім беру басқармасының өкілдері, Павлодар облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру ұлттық орталықтарының филиалдары, сондай-ақ Қазақстанның педагогикалық жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылар құрамы мен студенттері онлайн-форматта қатысты.

Қоғамдық маңызы бар бастамаларды дамыту қорының төрағасы Ермек Мәжитов «Әлем мұғалімі» жаһандық сыйлығы аясында өткізіліп жатқан «Қазақстан мұғалімі» ұлттық сыйлығы жобасының финалистерін құттықтады. Сыйлық қоры 1 миллион долларды құрайтын мұғалімдерге арналған Нобель сыйлығы.

Басқарма төрағасы – Павлодар педагогикалық университетінің ректоры Жанбол Жилбаев университет ұжымы атынан Ұлттық сыйлық финалистерін құттықтап, Қоғамдық маңызы бар бастамаларды дамыту қорына, оның төрағасы Мәжитов Ермек Исағалиұлына қолдау көрсеткені үшін алғысын білдірді.

«Қазақстан мұғалімі» ұлттық сыйлығы үздік педагогтардың табыс тарихын қайталау, жаңашыл педагогтарды қолдау және ынталандыру, педагогикалық тәжірибені жалпылап жетілдіру, лайықты үміткерлерді ынталандыру мақсатында әзірленген.

"Биылғы жылы "Болашақ мұғалімі" жобасының финалистері арасында Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарының студенттері, еліміздің болашақ мұғалімдері ұсынылды. 21 ғасыр мұғалімдері оқып жатқан еліміздің педагогикалық жоғары оқу орындары үшін бұл үлкен мақтаныш пен абырой", - деп атап өтті Жанбол Октябрович.

Іс-шара барысында "Қазақстан мұғалімі-2019, 2020, 2021" және "Болашақ мұғалімі" ұлттық сыйлығының финалистері өздерінің педагогикалық тәжірибелерінің шығармашылық презентацияларын ұсынды.

Қоғамдық маңызды бастамаларды дамыту қоры ұйымдастырған Students Prize Kazakhstan (Болашақ мұғалімі) жобасының финалистерінің бірі Павлодар педагогикалық университетінің студенті Инара Искакова болды. Ол жас мамандарға олардың кәсіби қалыптасуына әдістемелік көмек көрсету бойынша әзірленген бағдарламаны ұсынды.