Перейти к содержимому страницы.

ПАВЛОДАРДА АБАЙ ЕСКЕРТКІШІ АШЫЛДЫ

23.12.2020

Бүгін Павлодарда ұлы ойшыл, ғұлама Абай Құнанбайұлының ескерткіші ашылды. Биіктігі 5,25 метр қоладан құйылған мүсін бес метрлік гранит тұғырға орнатылған.  Ескерткіш қала төрінде – Павлодар облысы әкімдігінің алдынан бой көтерді. Оның авторы – ҚР Суретшілер Одағының мүшесі, мүсінші Асқар Нартов. Елге танымал шебер Баянауылдағы Шәкен Аймановтың және Қазақстандағы басқа да ескерткіштерді мүсіндеген.

Ескерткіштің ашылу салтанатына Павлодар облысының  әкімі Әбілқайыр Сқақов, мемлекет және қоғам қайраткерлері, абайтанушы Ғарифолла Есім, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Шахимардан Әбілов. Сондай-ақ Павлодар педагогикалық университетінің басқарма төрағасы - ректор Ж.Жилбаев қатысты.

 abai

abai2

abai3

Abai4

                                                                                                                                   Суретке түсірген - Валерий Бугаев