ПАВЛОДАРДА «АБАЙ АКАДЕМИЯСЫ» ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ
03.02.2022
Павлодар педагогикалық университетінде «Академия Абай» ғылыми-зерттеу орталығы ашылды. Орталықтың негізгі міндеті жас ұрпаққа Абай мұрасын насихаттау, орта білім беру мектептерінде оқытылатын Абайтану ілім жетілдіру. Осыған байланысты бүгін алғашқы жиын өткізіліп, «Хакім Абай» туралы дәрс оқылды. Келелі кеңеске өңірімізге белгілі ғалымдар, профессорлар мен университет оқытушылары қатысты. Шараның өтуіне орталық төрағасы, академик, абайтанушы Ғарифолла Есім мұрындық болып отыр.
«Абай академиясы» ғылыми-зерттеу орталығы Павлодар педагогикалық университетінде ашылды. Басты идея Павлодар қаласында «Абай» ескерткіші ашылғаннан кейін туындады,- дейді орталық төрағасы Ғарифолла Есім.
Ғылыми-зерттеу орталығы тек университет қабырғасында ғана емес, мектептермен де тығыз байланыста болмақ. Себебі, қазіргі уақытта орта білім беру мектептерінде оқылытатын Абайтану ілімін жетілдіру керек. Оның жүзеге асырылу жолдарын өзгерту керек,-деп есептейді жоба авторы.
Ал, орталық ұйымдастырған алғашқы жиынға қатысушылар мұндай жобаның маңыздылығы зор кендігін атап өтті. Себебі, «Абай әлемі» ұлттық идеологияны оятуға, оны дамытуға септігін тигізеді. Әрі, Хакім Абайдың мұрасы ұрпақ санасына терең сіңу керек,-дейді Әділбек Әміренов.
Атап өту керек, аталмыш ғылыми-зерттеу орталығы Қазақстан көлеміндегі педагогикалық университеттер арасында ашылып отырған алғашқы орталық. Егер, іс ілгері басатын болса, өңір мектептерінде филиалдар ашуды жоспарлап отырмыз,-дейді Ғарифолла Есім. Сонымен қатар, еліміздің солтүстік өңірлерінде қолға алынбақ.