Перейти к содержимому страницы.

Павлодар университеті кәсіподақ ұйымының төрайымы Облыстық салалық конкурста III жүлделі орынға ие болды!

06.12.2021

Павлодар университеті Бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Роза Жаева Кәсіподақ қызметі туралы үздік бейнеролик байқауында III жүлделі орынға ие болды.

Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одақтары ұйымдастырған Конкурс салалық кәсіподақтың республикадағы білім беру саласы қызметкерлері - кәсіподақ мүшелерінің әлеуметтік – экономикалық және еңбек құқықтары мен кәсіптік мүдделерін қорғау, педагог мәртебесін арттыру, кәсіподақ мүшелігін ынталандыру мәселелерінде қоғамдағы рөлін арттыру мақсатында өткізілді.

Байқау 3 кезеңде өтуде. Бірінші іріктеу кезеңі қалалық, аудандық кәсіподақ ұйымдары деңгейінде 2021 жылғы 1 мамырға дейін өткізілді. Алғашқы екі кезеңнен сәтті өткен үздік қатысушылар өз ұйымдары туралы бейнематериалдарды үшінші кезеңде

Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының республикалық конкурстық комиссиясына ұсынуға мүмкіндік алды.

Облыстық байқауға кәсіподақ ұйымдарының жұмысы туралы барлығы 30-ға жуық бейнематериалдар келіп түсті. "Әрбір қатысушы өз жұмысына өз жанының бір бөлшегін салды, өзінің кәсіподақ ұйымының қызметі туралы айтты", - дейді Роза Райханқызы.

Байқау қорытындысы бойынша Жаева Роза Райханқызы "Павлодар педагогикалық университетінің кәсіподақ ұйымының қызметі туралы" үздік бейнеролик үшін III жүлделі орынға ие болды. Байқау комиссиясы тақырыпты ашу мен жариялаудың мазмұндылығын, дәлелділігін атап өтті.

Роза Райханқызының жұмысы финалистердің ең қызықты және шабыттандыратын бейнелерінің бірі болып танылды.

Облыстық байқаудың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу қарсаңында өтті.

Жеңімпаздардың бейнематериалдары "Қазақстан Білім және ғылым қызметкерлерінің салалық кәсіподағы" ҚБ республикалық конкурстық комиссиясына жіберілетін болады.