Перейти к содержимому страницы.

ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ №11 ЖОББМ ҰСТАЗДАРЫМЕН КЕЗДЕСУ

29.11.2022

Өткен аптада Павлодар қаласының №11 модульдік үлгідегі жалпы орта білім беретін орта мектебінде М.Қанапиянов атындағы жоғары педагогикалық колледждің «Негізгі орта білім берудегі тіл мен әдебиетті оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының болашақ ұстаздары үшін есігін айқара ашты.

Жиын аясында директордың орынбасары А.С. Байжуманова, әлеуметтік педагог Д.К. Бейсенова, психолог Е.Г. Назаренко, мектеп сынып жетекшісі О.Л. Брюховецтің қатысуымен «Тәрбие жұмысын ұйымдастыру. Сынып жетекшісі жұмысының негізгі аспектілері» тақырыбында семинар өтті.

Іс-шара барысында мұғалім жұмысының мақсатына шолу жасалды. Тәжірибелі ұстаздар мұғалімнің жолындағы міндеттер, кездесетін қиындықтар, психологиялық тұрғыдан оқытудың өзекті мәселері жайлы мол ақпарат берді. Олар студенттер мен оқытушылардың аудиториясының сұрақтарына жауап берді.

Кездесу өте көңілді атмосферада өтті. Семинарға қатысушылар көптеген пайдалы ақпарат алды. Іс-шара соңында мектеп ұжымы алғыс хаттармен марапатталды.

Колледж мектеп ұжымына облысымыз үшін педагогикалық кадрларды дайындауда жемісті ынтымақтастығы үшін шексіз алғысын білдіреді.