Павлодар педагогикалық университетіндегі Білім күні
01.09.2021
2021 жылғы 1 қыркүйекте Павлодар педагогикалық университеті педагогтар мен студенттерге есігін қайта ашты. Салтанатты онлайн жиынға мыңға жуық бірінші курс студенттері қатысты. Басқарма төрағасы – ректор Жилбаев Ж.О. құттықтау сөзінде бұл білім күні Қазақстандық білім беруді дамытудың жаңа кезеңінің басталуын білдіретінін атап өтті, өйткені пандемия оның көптеген проблемаларын көрсетіп қана қоймай, оларды жеңе алатынымызды да көрсетті.
Академиялық мәселелер жөніндегі проректор Е.В. Игнатова студенттерді жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, олардың барлық бастамаларында жетістіктер мен жеңістер тіледі.
Студенттердің, ата-аналар мен педагогтардың алдында жоғары мектеп декандары, профессорлар мен кураторлар сөз сөйледі. Олардың барлығы алдағы жыл жарқын, қызықты және есте қаларлықтай болатынына сенім білдірді.
Тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректордың м.а. О. К. Андрющенко Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу қарсаңында басталатын осы оқу жылының маңыздылығын атап өтіп, әріптестер мен студенттерге бастамашыл, жаңа білім іздеуге ынталы болуға, өздерін оқу, ғылыми, шығармашылық өмірде көрсетуге тілек білдірді.
Салтанатты жиыннан кейін өткен кураторлық сағаттар "Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің жетістіктері"тақырыбына арналды.
</