Перейти к содержимому страницы.

Павлодар педагогикалық университетінде ғылыми-зерттеу қызметін дамыту стратегиясы талқыланды

13.01.2022

2022 жылдың 12 - 13 қаңтарында Павлодар педагогикалық университетінің жаңа ғылыми жұмыстар және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры, басқарма мүшесі Бауыржан Есенгелдиннің докторлармен, ғылым кандидаттарымен және PhD докторларымен кездесулері өтті.

Кездесу барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында ғылымды дамыту, жоғары оқу орындарының қызметі, білім сапасын арттыру бойынша айтылған стратегиялық міндеттер талқыланды.

Ғылыми жұмыс және халықаралық байланыстар жөніндегі проректор Бауыржан Есенгелдин ұжымға Павлодар педагогикалық университетінің ғылыми қызметін дамытудың негізгі міндеттерімен таныстырды.

Бауыржан Есенгелдин өз сөзінде университеттің ғылымды дамыту және халықаралық ынтымақтастық жоспары Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауын, білім және ғылым саласындағы қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерді 2021-2025 жылдарға арналған «Білімді ұлт» сапалы білім» Ұлттық жобасын, Павлодар педагогикалық университетінің 2020-2024 жылдарға арналған даму стратегиясын жүзеге асыру мақсатында әзірленгенін атап өтті.

Бауыржан Сатыбалдыұлы профессорлық-оқытушылық құрамның ғылыми әлеуетін нығайту, жас ғылыми-педагогикалық қызметкерлерді тарту және мансаптық өсуін қамтамасыз ету, олардың PhD докторантураға түсуіне жағдай жасау бойынша нақты шаралармен таныстырды.

Университеттің басым бағыттарының бірі ғылыми-зерттеу инфрақұрылымын дамыту болып табылады. Жаңа зертханалық алаңдарды ашу және қолданыстағыларын жаңғырту, магистратура мен докторантура үшін мамандандырылған ғылыми-техникалық, ғылыми-әдістемелік және эксперименттік базамен қамтамасыз ету жоспарлануда.

Мамандардың қалыптасуына қолайлы жағдай жасау және дамыту мақсатында студенттердің ғылыми-зерттеушілік қызметін, студенттік ғылыми үйірмелер жұмысын күшейту, жас ғалымдар арасында дөңгелек үстелдер мен ғылыми-тәжірибелік конференцияларды ұйымдастыру және өткізу қажет.

Ғылыми зерттеулердің сапасы мен тиімділігіне қол жеткізуге ерекше көңіл бөлінетін болады. Ғылыми қызмет нәтижелерін коммерцияландыру, әзірлемелердің нарықтық әлеуетін бағалау, жобаларды жүзеге асыру үшін серіктестерді тарту жұмыстары алда.

Университеттің озық білім тасымалдаушыларын жаңғыртудың жаһандық желісімен интеграциясын күшейту, университеттер мен білім беру бағдарламаларының халықаралық рейтингтеріне қатысу бойынша нақты шаралар ұсынылды.

Бауыржан Есенгелдиннің айтуынша, бұл жоспар заманауи жоғары білім берудің соңғы сын-қатерлеріне жауап болып табылады, ол университеттің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға арналған. «Павлодар педагогикалық университеті Павлодар облысы үшін және жалпы республика үшін педагогикалық кадрларды даярлаудың негізгі орталықтарының бірі болып табылады. Университет ұжымының бай тәжірибесі мен жақсы әлеуетін негізге ала отырып, біз алдымызға университеттің халықаралық бренді ретінде танымалдылығын арттыру бойынша ауқымды міндеттер қойып отырмыз», - деді Бауыржан Сатыбалдыұлы.

Университеттің жетекші ғалымдары ұсынылған жобалардың келешегін атап өтіп, университетті дамыту бастамаларын қолдауға дайын екендіктерін жеткізді.