Павлодар педагогикалық университетінде Ғылым декадасы өтуде
14.04.2021
2021 жылдың 12-22 сәуірі аралығында Павлодар педагогикалық университетінде Ғылым декадасы өтуде.
Декаданың ашылуы 12 сәуір күні Қазақстанның ғылым саласы қызметкерлерінің күнінде бастау алды, онда ғылыми жұмыс және халықаралық байланыстар жөніндегі проректор С.Мурзакулов құттықтау сөз сөйлеп, декаданың бағдарламасымен таныстырды.
Ашылудың онлайн трансляциясы барысында Алматы қ. ФМБ НЗМ директорының орынбасары, ППУ "Тарих" ББ магистранты Н.Р.Теміров, ППУ "Тарих" ББ 1-курс докторанты Б. К. Акшулакова қызықты баяндамаларымен таныстырды.
Декада барысында бірқатар ғылыми іс-шаралар: семинарлар, зияткерлік ойындар, конкурстар, ашық дәрістер, дөңгелек үстелдер, ЖОО ғалымдарымен кездесулер өткізіледі.
Ғылым декадасының басты шарасы – 21-22 сәуір аралығында өтетін "Педагогтерті цифрлық ұрпақпен жұмыс істеуге дайындау" Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы болмақ. Конференцияға жоғары, жалпы және орта арнайы білім беру мекемелерінің студенттері, магистранттар, жас ғалымдар қатыса алады. Конференция жұмысының негізгі бағыттары – жалпы және инклюзивті білім беру жүйесіндегі цифрлық перспективалар; білім беруді цифрландыру жағдайында жаратылыстану-математикалық цикл пәндерін оқытудың заманауи мәселелері; шығармашылық мамандықтарды цифрлық ұрпақпен жұмыс істеуге дайындау; цифрландыру жағдайындағы гуманитарлық ғылымның өзекті мәселелері; цифрлық буынның мәдениетаралық коммуникациясы.
Студенттік апта декадасының бағдарламасымен және конференция Ережесі туралы ақпараттық хатпен университет сайтында толығырақ таныса аласыз.