Перейти к содержимому страницы.

Павлодар педагогикалық университетінде Президент жолдауы талқыланды

13.09.2021

Павлодар педагогикалық университетіндеҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» Жолдауын талқылау және түсіндіру бойынша дөңгелек үстел өтті.

Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы  Тоқаевтың биылғы жылға жолдауын талқылау мақсатында  ППУ студенттерімен Қазақстан жазушылар одағының Павлодар облыстық филиалының директоры, облыстық мәслихатының  депутаты Жарқынбек Амантайұлы жолықты.

Жүздесу барысында тек қана жолдау емес сонымен қатар ғылым мен білім жайында және оларды дамытуға бағытталған іс-шаралар туралы кеңінен әңгіме өрбіді.  Одан бөлек ел экономикасын реттеу, инфляцияны ауыздықтау, шетелдіктерге қазақ жері сатылмайтындығы туралы, мемлекеттік тілдің мәртебесі туралы негізгі бағыттар жайлы сөз қозғалды. 

Кездесу соңында Павлодар Педагогикалық университетіміздің түлегі Жарқынбек Амантайұлы студенттерге қызықты сұрақтар үшін алғысын білдіріп, жаңа оқу жылында сәттілік тіледі. «Еңселі еліміздің ертеңі жастардың қолында. Барынша ғылым-білімді игеруге сонымен қатар еліміздің дамуына үлес қосуға атсалысайық», - деп өз ойын аяқтады. 

 

Uchenui Sovet

Uchenui Sovet

Uchenui Sovet

Uchenui Sovet

Uchenui Sovet

Uchenui Sovet