Перейти к содержимому страницы.

Павлодар педагогикалық университетінде ұлттық тағамдар және ұлттық киімдер акциясы өтті

18.03.2022

Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесін тойлауды Павлодар педагогикалық университетінің ұжымы әлдеқашан бастап кеткен. Төл мереке аясында қазақтың ежелден бері ескірмей келе жатқан салт-дәстүрлерін насихаттауда студент жастар да ерекше белсенділік танытуда. Жақында университет қабырғасында жастар саясаты департаментінің ұйымдастыруымен «Ұлттық тағамдар күні» және «Ұлттық киімдер күні» акциясы өтті.

Павлодар педагогикалық университінде Наурыз мейрамын тойлаудың 4-ші күні «Ұлттық тағамдар күні», «Ұлттық киімдер күні» акциясымен жалғасты. Оған университеттің жаратылыстану жоғар мектебі, педагогика жоғар мектебі, гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебі, өнер және спорт жоғары мектебі мен М.Қанапьянов атындағы жоғары колледж студенттері қатысып, өздері әзірлеген ұлттық тағамдарын таныстырды. Сондай-ақ, ұлттық нақыштағы киімдер үлгісін көрсетті. Студенттер өз өнерлерін «Абай», «Бірлік», «Ахмет», «Ынтымақ», «Береке» секілді аулылдарға бөлінді. Әр ауылдың «тұрғындары» ән-шырқап, оқу орнын Наурыз-думанға бөледі.

- Біздің университетте еліміздің әр облысынан келген студенттер білім алады. Олар Наурыз көжесін әр өңір әртүрлі жасайтынын көрсетіп, өздерінің қалыптасқан дәстүрлері бойынша дайындады. Мысалы көжеге бір өңірде мейіз қосса, енді бір өңірде қопсай әзірлейді. Шара барысында сондай қызықты деректерге көз жеткіздік.Сол секілді басқа да ұлттық тағам түрлерімен таныстық, - дейді жастар саясаты департаменті тәрбие бөлімінің маманы Дариға Жұматай.