Перейти к содержимому страницы.

Павлодар педагогикалық университетінде диплом табыстау рәсімі болып өтті

15.07.2021

Бүгін Павлодар педагогикалық университетінде диплом тапсыру рәсімі өтті. Күндізгі бөлімде оқитын 700-ге жуық түлек осы тарихи сәтті асыға күтті. Жас педагогтар үшін бұл атаулы күн екені сөзсіз.

Өкінішке орай, карантиндік шектеулер іс-шараны салтанатты жағдайда өткізуге мүмкіндік бермеді, алайда мерекелік жағдайда санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтай отырып, магистрлер мен бакалаврлар биылғы жылы алғаш рет ЖОО символы бар, Павлодар педагогикалық университеті түлектерінің сапа белгісі болып табылатын өзіндік үлгідегі дипломдарды алды.

2021 жылғы шығарылым Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеумен тұспа-тұс келді. Павлодар педагогикалық университетінің басқарма төрағасы-ректоры Жанбол Жилбаев осы үлкен оқиғаның маңыздылығын атап өтіп, түлектерге өз елінің, кәсіптің және университеттің патриоты болуды тіледі.

Осы күні оқу, ғылыми, қоғамдық және волонтерлік қызметте ерекше көзге түскен үздік студенттерге құрмет көрсетілді. Ректор атынан түлектер алғыс хаттар алды. Жаратылыстану жоғары мектебінің түлегі, "Жасыл ел" қалалық штабының командирі Самекова Русананың айтуынша, жоғары оқу орны студенттерге ғылыми және шығармашылық бастамаларды жүзеге асыруда шексіз мүмкіндіктер беріп, қалалық, облыстық және республикалық конкурстар мен фестивальдерге қатысушыларға қолдау көрсеткен. Студенттер мен магистрлер университетте оқыған жылдары үшін университет басшылығына шынайы алғыстарын білдірді.

Айта кетейік, 2021 жылы Павлодар педагогикалық университетін 696 бакалавр және күндізгі оқу нысанын117 магистр бітірді, оның ішінде 179 түлек үздік диплом алды.