Перейти к содержимому страницы.

Павлодар педагогикалық университетінде COVID-19-ға қарсы вакцинация жалғасуда

05.08.2021

Биыл жаңа оқу жылын оффлайн форматта бастау жоспарлануда, осыған байланысты оқытушылар, қызметкерлер және студенттер арасында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау үшін шаралар қабылдануда. ЖОО-да Ashyq жүйесі енгізіліп, ПОҚ, студенттер, университет қызметкерлерін COVID-19-ға қарсы вакцинациялау мәселелері бойынша ақпараттық сүйемелдеудің медиажоспары іске асырылуда, эпидемиолог-дәрігерлердің қатысуымен кураторлық сағаттар, брифингтер және иммундық алдын алу тақырыбына қатысты семинарлар ұйымдастырылуда.

 vaktsina

vaktsina2

2021 жылғы 4 тамызда Павлодар облысы Денсаулық сақтау басқармасының мониторингтік топ мүшелері: Павлодар қаласы 4 емханасының жоғары санатты дәрігер-эпидемиологы З.К. Шадиевамен және ЖИТС орталығының жоғары санатты дәрігер-эпидемиологы А. М. Асылхановамен кездесу өтті. Отырыста Павлодар облысында пандемияның барлық кезеңінде өлім-жітімнің үлес салмағы 2,6%- ды, ал ел бойынша жалпы 0,9% - ды құрағаны атап өтілді. Спикерлер Сovid-19-ға қарсы алдын-алу шаралары және ұжымдық иммунитетті қалыптастыру жолдары туралы айтты. Сонымен қатар жиында вакциналардың түрлері мен вакцинация алгоритмі сипатталды.

Кездесу соңында студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап ала алды.

Айта кетелік, университет ПОҚ, қызметкерлер және студенттер арасында иммундық алдын алуды қолдайды. Осыған орай, университет ішінде вакцинацияны ынталандыру шаралары әзірленді:

- 20 білім алушыға жатақханада тұруға 50% жеңілдік беру;

- 50 білім алушыға театрларға, кинотеатрларға бару және қоғамдық көлікке жол жүру билеттері;

- Ақшалай сыйақы.

- Демеушілер сертификаттары.

- Жаттығу залына ай сайынғы абонемент.

- Оқытушылар, магистранттар мен докторанттарға "Қазақстанның Педагогикалық хабаршысы" және "Қазақстанның биологиялық ғылымдары" журналдарында тегін мақала жариялау;

- Қызметкерлер үшін демалысқа қосымаша 1 күн.

Ақшалай және бағалы сыйлықтар ұтыс ойыны 2021 жылдың тамыз айының соңында өтеді.

Бұл шаралар ұжымдық иммунитетті құру мақсатында профессор-оқытушылар құрамын, қызметкерлер мен студенттерді иммундық алдын алу қажеттілігі туралы ақпараттандыруға бағытталған.

vaktsina3

vaktsina4

vaktsina5

vaktsina6