Павлодар педагогикалық университетінің студенті мен оқытушысы штанганы жатып көтеруден Әлем чемпионатында алтын және күмісті жеңіп алды!
01.11.2021
Павлодар педагогикалық университетінің оқытушысы мен студенті 2021 жылдың 21-31 қазан аралығында Литваның Вильнюс қаласында өткен штанга көтеру бойынша әлем чемпионатында алтын және күміс жүлдегер атанды.
Павлодар педагогикалық университетінің «Жоғары өнер және спорт» мамандығының ФКС-42 тобының студенті Анастасия Журбина құрал- жабдықтар қолданумен штанга жатып көтеру бойынша әлем чемпионатында жасөспірімдер арасында 1-орынға ие болды.
Павлодар педагогикалық университетінің Жоғары өнер және спорт мектебінің оқытушысы, белсенді спортшы Окатенко Ксения Валерьевна ересектер арасындағы классикалық пресс бойынша жарыста ІІ орынды иеленді.
Павлодар педагогикалық университетінің Жоғары өнер және спорт жоғары мектебінің деканы Валентина Лебедева Анастасияның бұл спортқа жақында келгенін атап өтті. Бұрын ол көркем гимнастикамен айналысып, сонда жақсы жетістіктерге жеткен.
"Ксения мен Анастасия қарқынды жаттығулардың, күнделікті қажырлы жаттығулардың арқасында осындай жетістікке жетті. Бұл, әрине, спортшылар мен олардың жаттықтырушылардың бірлескен жұмысы, олардың тиімді әрекеттестігі", - деді Валентина Ильинична.
Қыздарды Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушылары, халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері, Павлодар педагогикалық университетінің оқытушылары Иван мен Андрей Прокопенколар дайындайды.
Павлодар педагогикалық университетінде спортшыларды дайындауға барлық жағдай жасалған, дарынды студенттер оқу-жаттығу жиындарына барып, жарыстарға қатысуы үшін жеке кесте бойынша дайындалады.