Перейти к содержимому страницы.

Павлодар педагогикалық университетінің профессоры Gaziosmanpaşa Üniversitesi-де ашық дәріс оқыды

23.11.2021

Академиялық ұтқырлық аясында Павлодар педагогикалық университетінің Гуманитарлық ғылымдар Жоғары мектебінің профессоры, тарих ғылымдарының докторы Гүлфира Елубайқызы Өтепова "Ресей империясы құрамындағы Қазақстан тарихы: заңнамалық дереккөздерді талдау негізінде" тақырыбында ашық дәріс оқыды.

Дәріске Токат Газиосманпаша университетінің (Түркия) Ғылым және әдебиет факультетінің профессор - оқытушылар құрамы, қызметкерлері, докторанттары, магистранттары мен студенттері қатысты.

Дәріс барысында Қазақстан мен Түркия тарихын зерттеуде мұрағаттық материалдар мен құжаттарды зерделеу және пайдалану мүмкіндігі мәселелері қаралды. Тыңдаушылар ұсынылған дәріс тақырыбына қызығушылық танытты.

Жұмыс жағдайында екі университеттің Ғылыми - тарихи зерттеулер жоспарында одан әрі бірлескен қызмет бойынша жобалардың алдын ала нұсқалары талқыланды.