Перейти к содержимому страницы.

Павлодар педагогикалық университетінің басшылығы өз қызметкерлері мен студенттерін Covid-19 вакцинасын алуға ынталандыруда

09.08.2021

2021-2022 жаңа оқу жылын дәстүрлі (офлайн) форматта бастау жоспарлануда. Десек те, еліміздегі ахуал тікелей эпидемиологиялық жағдайға, ұжымдық иммунитеттің қалыптасуына байланысты болып отыр.

Университет әкімшілігі коронавирустық індетпен күресте барлық профессор-оқытушылар құрамын, қызметкерлер мен студенттерді жалпыға ортақ иммунитетті қалыптастыруға – Covid-19-ға қарсы вакцинациялаудан өтуге шақырады.

Айта кетсек, ағымдағы жылдың сәуірінде университетте вакцинациялау пункті ашылған болатын.  Қызметкерлер қатарынан вакцина алуға университет ректорынан бастап, проректорлар, декандар, құрылымдық және әкімшілік бөлімшелерінің басшылары бірінші болып сенім білдірді.

Бүгінгі күні ППУ-да вакцинация туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының жүргізілуіне орай, университет қызметкерлерінің 70% -дан астамы, ал студенттердің 60% -ы екпе алды.

Вакцинация – вируспен күресудің міндетті шарты.  Көптеген елдер халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету және бұрынғы қалыпты өмірге оралу үшін миллиондаған вакцина партияларын сатып алуда.  Қазақстанда коронавирусқа қарсы екпелердің шетелдік түрлері ғана емес, сонымен қатар халықтың басым көпшілігін ұжымдық иммундануына мүмкіндік беретін отандық вакцина бар. 

Жаппай вакцинация көптеген аурулардың таралуының күрт төмендеуіне әсер еткені тарихтан белгілі.  Алайда індетпен күресте бұрын мұндай нәтижеге қол жеткізу үшін ондаған жылдар қажет болатын болса, технологияның дамуымен қатар ХХІ ғасырда коронавирусқа қарсы тиімді вакциналар қысқа мерзімнің ішінде өз нәтижесін беруі тиіс. 

Вакцина алу арқылы біз қалыпты өмірге оралуға бір табан жақын түсеміз. Вакцина қоғамды коронавирустық індеттен қауіпсіздендіруге мүмкіндік береді.

Өзіңізге және жақындарыңызға қамқор болыңыз – вакцина алыңыз!