Павлодар педагогикалық университетінің ғалымдары 9-11 ғасырлардағы құнды қорғандарды тапты!
21.10.2021
Павлодар педагогикалық университетінің ғалымдары Павлодар қаласының оңтүстік шетіндегі Байдала ауылының маңында археологиялық жұмыстар барысында 9-11 ғғ. құнды қорғандарды тапты.
Археологтардың пікірлері бойынша қорғандар Ертіс өңірінде астанасы Имақия болған үлкен көшпелі империя - Қимақ қағанатының өмір сүру кезеңіне тиесілі.
Археологиялық экспедиция жетекшісі, Павлодар педагогикалық университетінің Margulan Centre директоры Тимур Смағұловтың пікірінше, Байдала ауылы маңындағы қимақ қорғандары үлкен ғылыми құндылыққа ие. Топырақтың ерекше химиялық құрамына байланысты ағаш бұйымдары, жібек киімдері, сондай-ақ былғары мен металдан жасалған түрлі заттар жақсы сақталған. Бірнеше жыл бұрын қазба жұмыстары барысында Еуразия даласындағы ортағасырлық көшпенділердің жылжымалы тұрғын үйінің жақсы сақталған бірден-бір данасын құрайтын "Қимақ күймесі" деп аталатын бірегей жәдігерді табуға мүмкіндік туды. Биылғы жылы Байдала қорғандарынан жауынгерлік жылқысы бар қимақ жауынгерінің сүйектері және арнайы бұрғыланған тесіктер мен ойықтардың көмегімен бір шегесіз жалғанған бірнеше ондаған ағаш бөлшектерден тұратын жерлеу құрылысындағы қимақ қоғамының асыл өкілінің көмілуі табылды.
Сондай-ақ, "Қимақ күймесі" сияқты бұл жерлеу сандық рентген мен компьютерлік томографияны қолдана отырып, зертханалық жағдайда одан әрі зерттеу үшін топырақ блогында алынады. Павлодар педагогикалық университетінің Margulan Centre қызметкерлері скиф-сақ дәуірінің жерлеу орындарын зерттеп жатыр. Қорғандардың бірінен б. з. д. 1 мың ж. екінші жартысына тиесілі ересек адамның сүйектері мен қыш ыдыстар табылды. Археологиялық жұмыстарға Павлодар педагогикалық университетінің, Торайғыров университетінің студенттері мен Павлодар қаласы мектептерінің оқушылары белсенді қатысуда. Жас қатысушылардың пікірінше, қазба жұмыстары кезінде табылған экспонаттар Павлодар маңында орналасқан жерде "қимақтар елінің" тарихы өрбіген және Ертіс өңіріндегі қағанның ауласына Қытай мен Таяу Шығыстан керуендердің тізбегі созылған ежелгі өткеннің зерттелмеген беттерін ашып көрсетеді. Байдала қорымындағы қазба жұмыстары Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған ғылыми іс – шаралар аясында Павлодар облысы әкімдігінің мәдениет, мұрағат ісі және тілдерді дамыту басқармасының қолдауымен жүргізілуде.