Павлодар педагогикалық университеті жалпықалалық сенбілікке қатысты
25.09.2021
Павлодар педагогикалық университетінің оқытушылары мен студенттері қаланы абаттандыру және тазалық айлығы аясында әкімдік жариялаған жалпықалалық сенбілікке қатысты.
Тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректор Ольга Андрющенконың айтуынша, акцияға университеттің жастар саясаты департаменті мен тәрбие жұмысы жөніндегі вице-декандардың қолдауымен жоғары мектептердің барлық факультеттерінің 150-ден астам қызметкерлері мен студенттері қатысты.
"Оқытушылар мен студенттер ұйымшылдықпен сенбілікке шығып, біздің студенттік қаламыздың бүкіл аумағын қуана - қуана тазалап, барлығы өз қаласы мен университетін жақсы көретінін тағы бір мәрте дәлелдеді", - дейді Ольга Константиновна.
Сенбілік барысында студенттік қалашықтың барлық аумағын абаттандыру және санитарлық жағдайын жақсарту бойынша жұмыстар жүргізілді.