Перейти к содержимому страницы.

Павлодар педагогикалық университеті облыс мектептерінде алғашқы педагогикалық сыныптарды ашты

15.10.2021

Павлодар педагогикалық университеті мен Баянауыл аудандық білім басқармасының М.Әуезов атындағы орта мектебі қосымша білім беруді дамыту бойынша ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойып, 8-9 және 10-11 сынып оқушылары үшін облыста алғашқы педагогикалық сыныптарды ашты.
М.Қанапьянов атындағы жоғары колледж директоры Гүлнар Мусанованың айтуынша, педагогикалық сынып оқушылары үшін Павлодар педагогикалық университетінің оқытушылар құрамымен бірге бірлескен жобаларға, байқауларға, конференцияларға қатысып, өзін-өзі танып, қабілеттерін ашуға, мүмкіндік алады.
«Ең бастысы, олар өздерінің жеке ұмтылыстарына, қабілеттеріне сәйкес келетін маңызды кәсіби таңдау жасай алады және колледжге немесе университеттегі педагогикалық мамандықтарды таңдап оқуға түседі», - деді Гүлнар Манатқызы.
Павлодар педагогикалық университетінің Педагогика жоғары мектебінің ғалымдары Серғазин Ж.Ж. және Матаев Б.А. сыныптарда алғашқы сабақтарды өткізді. Келісім бойынша мұндай сабақтар айына кемінде бір рет өткізілетін бодды. Сабақтарды әр түрлі форматта және облыстың үздік тәжірибелі мұғалімдерін шақырумен өткізу жоспарлануда.
Алғашқы сабақтардың нәтижелері бойынша ең белсенді оқушыларға мұғалім жұмысының маңызды құралы ретінде шағын сыйлықтар - блокноттар мен сілтеу таяқша - указкалар табыс етілді.

 

Uchenui Sovet