Перейти к содержимому страницы.

ПАВЛОДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ТРАМВАЙЫ ЖЕЛІГЕ ШЫҚТЫ

27.07.2022

Бүгін Павлодар педагогикалық университетінің жеке трамвайы қала көшелеріне жіберілді. Яғни, ШҚЦ-Саяжай бағытындағы №7 трамвайға педуниверситеттің жеке логотипі мен атауы және басқа да деректемелері жазылды. Бұл Павлодар трамвай басқармасының университеттің 60 жылдық мерейтойына арнаған тартуы болды. Атаулы қоғамдық көлікті таныстыру рәсіміне Павлодар педагогикалық университетінің ұжымы қатысты. Сондай-ақ, тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректоры Мақсат Нығманов құттықтап, Павлодар трамвай басқармасы басшылығына алғыс білдірді.
Биыл аймағыымздағы ең үлкен ұстаздар ордасы болып табылатын Павлодар педагогикалық университетінің ашылғанына 60 жыл толып отыр. Осы мерейлі датаға байланысты университет қабырғасында әртүрлі іс-шаралар ұйымдастырылуда. Соның біріне бүгін өздеріңіз куә болып отырсыздар. Атап айтқанда Павлодар педагогикалық университетінің атымен аталатын трамвайы жолға шықты. Мұны біздің 60 жылдық мерейтойымызға жасалған үлкен сыйлық деп қабылдаймыз. Ұсынысты қолдаған азаматтарға алғыс білдіреміз, - деді Мақсат Сейіткенұлы.