ПАВЛОДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ БОЙЫНША 2022-2023 ОҚУ ЖЫЛЫНА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТТЕН 3 653 ГРАНТ БӨЛІНДІ
07.07.2022
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі 2022-2023 оқу жылына жоғары білім берудің барлық деңгейлері үшін білім беру гранттарын бөлу тізбесін жариялады.
2022-2023 оқу жылында бакалавриатқа қабылдау үшін шамамен 73 мың грант бөлінді. Ең көп грантқа ие болғандардың қатарында «Педагогика ғылымдары» білім беру бағдарламалары тобы бар. Олардың саны – 10 810 грант!
9103 грант ақпараттық-коммуникациялық технологияларға, 6288 грант жаратылыстану, математика және статистикаға бөлінді!
Павлодар педагогикалық университетінің білім беру бағдарламалары бойынша 2022-2023 оқу жылына республикалық бюджеттен 3 653 грант бөлінді.
Биыл мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша алғаш рет білім беру грантының жаңа түрі – «Халықтың тығыз орналасқан және батыс өңірлерінің жастарының жетекші жоғары оқу орындарында оқуға арналған мақсатты білім гранты» анықталды. Атырау және Маңғыстау облыстарынан 10 мың талапкер жоғары оқу орындарында оқуға мақсатты грантқа ие болады. «Атырау-Маңғыстау нысанасы» гранты бойынша конкурсқа биылғы мектеп түлектері қатыса алады. Бұл ретте олар бір мезгілде жалпы конкурсқа, оның ішінде «Серпін» бағдарламасы бойынша қатыса алмайды.
Гранттардың толық тізімімен келесі сілтемелер бойынша танысуға болады.
Бакалавриат:
http://www.testcenter.kz/ru/press-tsentr/novosti/?ELEMENT_ID=5115
Магистратура:
http://www.testcenter.kz/ru/press-tsentr/novosti/?ELEMENT_ID=5117
Докторантура:
http://www.testcenter.kz/ru/press-tsentr/novosti/?ELEMENT_ID=5119