ПАВЛОДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІН ШЕТЕЛ АЗАМАТТАРЫ ДА ТАҢДАДЫ
16.09.2022
Биыл Павлодар педагогикалық университетіне 13 шетел азаматы оқуға түскен. Олардың екеуі стипендиялық бағдарлама бойынша, қалған 11-і мемлекеттік білім беру гранты бойынша түскен.
ППУ зерттеулерді қолдау департаменті интернационалдандыру бөлімі басшысының міндетін атқарушы Мадина Исаеваның сөзінше, шетелден келген жастардың алтауы қазақ ұлтының өкілдері. Олар Ресей, Өзбекстан, Монғолия елінен келгендер.
- Биыл Павлодар педагогикалық университетін ұлты қазақ емес шетел азаматтары да таңдады. Олар Ниегариядан, Алжирден, Өзбекстаннан, Үндістаннан және Ресейден келді. Төрт азамат магистратураға және басқалары бакалавриятқа түсті. Университетте жалпы 70-тен астам шетел азаматы білім алады, - дейді Мадина Бақытбекқызы.