Перейти к содержимому страницы.

Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов Павлодар педагогикалық университетіне келді

26.10.2021

Жұмыс сапары барысында Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов Павлодар педагогикалық университетінің студенттері мен оқытушыларымен кездесіп, ғылыми-зерттеу зертханалары мен оқу орталықтарын аралап көрді. Павлодар педагогикалық университетінің басқарма-төрағасы, ректор Жанбол Жилбаев таныстыру экскурсиясын өткізді.
"Margulan Centre" қызметкерлері облыс әкіміне "Рухани жаңғыру" мемлекеттік бағдарламасы аясындағы жұмыстар көрмесін ұсынды. ППУ ғалымдары жүзеге асырған жобалар арасында - Павлодар облысының қасиетті жерлерілерінің цифрлық және полиграфиялық нұсқалардағы картасы. Картаның негізіне тарихшылар, этнографтар мен археологтар қатысқан көпжылдық ғылыми экспедициялардың нәтижелері алынды. Өңір басшысы үшін "Ертіс-Баян өңірінің ұлағатты ұстаздары" портрет галереясы, "ППУ шежіресі"экспозициясы бойынша экскурсия өткізілді.

Облыс әкіміне инновациялық зертханалар құруға, оқыту және ғылыми зерттеулер жүргізу үшін инфрақұрылымды дамытуға, халықаралық ғылыми жобаларға қатысуды қаржыландыруға және т.б. бағытталған Академиялық артықшылық орталығы ұсынылды, дарынды балалармен жұмыс істеу жөніндегі ғылыми нано-зертхананың мүмкіндіктері, сондай-ақ студенттер "Күнделік" электрондық журналында, мобильді кітапханада жұмыс істеу дағдыларын игеретін педагогикалық шеберлік кабинеті көрсетілді.

Әбілқайыр Сқақов Биоценология және экологиялық зерттеулер ғылыми орталығының қызметімен танысты. Орталық мамандары кең ауқымды зерттеулер жүргізуге мүмкіндік беретін бірегей жабдықта жұмыс істейді: ДНҚ сараптамасынан бастап, тамақ өнімдеріндегі, азықтардағы патогендерді, түрлі ортадағы ауыр металдарды анықтау.
Орталық қызметкерлері биология, молекулярлық генетика, паразитология, экология бойынша іргелі және қолданбалы зерттеулер жүргізеді. Қоршаған орта мен биологиялық әртүрлілікке экологиялық мониторинг, ауыр металдарды, сынапты, патогендерді анықтау жүргізіледі.

Өңір әкіміне "Функционалды морфология және гистология" оқу-ғылыми зертханасы таныстырылды. Павлодар педагогикалық университеті аймақтағы ең заманауи гистологиялық жабдықпен жабдықталған жалғыз жоғары оқу орны. Зертхана оқу процесіне қолданылады. Жоғары оқу орны жоғары білікті, бәсекеге қабілетті түлектерді дайындайды, олар жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін тек пән мұғалімдері ғана емес, сонымен қатар өздерін оқушылардың ғылыми жобаларының жетекшілері ретінде жүзеге асыра алады.
Өңір әкімі "Павлодар қаласының қоршаған ортасының жағдайын бағалау үшін нейрондық желілерді қолданумен экологиялық мониторинг" жобасына ерекше қызығушылық танытты. Оның іске асыру нәтижесінде Павлодар қаласы бойынша ластаушы элементтерді бөлудің электрондық карталары жасалады. Әбілқайыр Сқақов т.ғ. д., профессор Ж. К. Шомановаға қолдау білдірді және осы жобаның ғылыми зерттеулерді бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру конкурсына қатысуы туралы қолдаухат беруге уәде берді.

Кездесуді қорытындылай келе, Әбілқайыр Сқақов Павлодар педагогикалық университетінің қызметіне оң баға беріп, ректор Жанбол Жилбаевтың бастамаларын толық қолдайтынын атап өтті.  Өңір басшысы жаңа кәсіби бағдар беру технологияларын енгізудің өзектілігін айтты. Университеттің білім беру бағдарламалары қазіргі заманғы үрдістерге сәйкес келуі тиіс. "Болашақ қашықтықтан білім алуда, біз білікті мамандардың жеткілікті санын дайындап, жаңа, танымал және ең бастысы сұранысқа ие мамандықтардың атласын кеңейтуіміз керек", - деді Әбілқайыр Бақтыбайұлы.

Өңір басшысы университеттің тек оқу орындарымен ғана емес, сонымен қатар Құрылыс басқармасымен, Индустриялық-инновациялық даму басқармасымен, бизнес-құрылымдармен де ынтымақтастықты нығайту, салалар бойынша жобалар құру, өз зерттеулерінде өңірдің аграрлық және индустриялық әлеуетін пайдалану, ғылыми зерттеулерді облыстың проблемаларын практикалық шешуге бағыттау қажеттігін атап өтті. Әкім өз кезегінде ЖОО-ның ғылыми әзірлемелерін коммерцияландыруға қолдау көрсетуге дайын екенін білдірді.

Әбілқайыр Сқақовтың сапары барысында Павлодар облысы әкімінің атаулы шәкіртақысын жоғары оқу орнының дарынды студенттеріне салтанатты түрде тапсыру рәсімі өтті.
Естеріңізге сала кетейік, жақын арада Павлодар педагогикалық университеті 60 жылдық мерейтойын атап өтеді.

Uchenui Sovet

Uchenui Sovet

Uchenui Sovet

Uchenui Sovet

Uchenui Sovet

Uchenui Sovet

Uchenui Sovet

Uchenui Sovet

Uchenui Sovet