Павлодар облысының Білім беруді дамыту инновациялық орталығымен кезекті кездесуі өтті
15.02.2021
Бүгін ППУ-да Павлодар облысының Білім беруді дамытудың инновациялық орталығы өкілдерімен білім беру және оқу сапасын арттыру мақсатында Павлодар облысының білім басқармасының аймақтық жоғары оқу орындары мен педагогикалық колледждерге және облыстың жалпы білім беретін орта мектептеріне арналған кешенді іс-шаралар жоспарын іске асыру туралы кездесудің кезекті отырысы өткізілді.
Мақсат – жоғары оқу орындарының орта мектептерге көмек көрсету мәселелерін талқылау. Осы кезекте негізгі жауапкершілікті педагогикалық жоғары оқу орны өз мойнына алмақ.
Кездесу барысында университеттердің мектептерге медеткерлігін қамтамасыз ету, мектеп оқушылары үшін волонтерлік сессиялар ұйымдастыру және орта білім беру ұйымдарына оқу-әдістемелік көмек көрсету мәселелері қаралды.