ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ МАСЛИХАТ ДЕПУТАТТАРЫ МU ОҚЫТУШЫЛАРЫ, СТУДЕНТТЕРІМЕН ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯНЫ ТАЛҚЫЛАДЫ
17.02.2026
Бүгін Марғұлан университетінде референдум қарсаңында Павлодар қаласының маслихат депутаттары Конституциядағы өзгерістерге тоқталып, ғылым саласы, мәдени мұра, тіл мәселесі және отбасыдағы теңдік тақырыптарын қозғады.
Жиынға қатысушы зиялы қауымның қатарында Павлодар қалалық маслихатының төрағасы Қобланбек Қожин, қалалық «Amanat» партиясының атқарушы хатшысы Сүлеймен Сыздықов, қалалық маслихат депутаттары Павел Горбачев, Серік Құсайынов, Елена Яровенко, Жансая Әлжанова және әйелдер бизнес қауымдастығының төрайымы, Республика партиясының өкілі, жергілікті блогер Айзат Байтен студенттермен пікір алмасып, ұсыныстарын тыңдады.
Марғұлан университетінің даму және студенттермен жұмыс жөніндегі проректор Серік Ілиясов 1995 жылғы Конституцияның преамбуласында тәуелсіздікке енді қол жеткізген, БҰҰ қатарына қосылып, аяққа нық тұрған елдің қатарында болсақ, бүгінде ту, елтаңба, әнұранымызды әлем таныған азаматтық ұлт ретінде қалыптасқанын атап өтті. Яғни осы күнге дейін тарихи миссиясын орындап, Жаңа Конституцияға қадам басу уақыты келгенін сөз етті.
Жиынға қатысқан студенттер тіл мәселесі, салт-дәстүр, тарихқа қатысты 9-бапқа және отбасыдағы жауапкершіліктің теңдігіне тоқталып, ондағы өзгерістердің маңыздылығын ортаға салды. Сонымен қатар, оқытушылар тарапынан Жаңа Конституциялық реформаға байланысты ол қоғам сұранысы мен талабына жасақталғанын және кешенді трансормация жастарға оң әсерін тигізетінін айтты.





