ПӘНДІК ОЛИМПИАДА НӘТИЖЕЛЕРІ
14.05.2025
Марғұлан университетінде дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын мектеп бітіруші түлектерге арналған пәндік олимпиада нәтижелері белгілі болды. Павлодар облысының мектеп бітіруші түлектері қатарынан 10 оқушы Margulan грантының иегері атанды. Оған қоса 19 оқушы Марғұлан университетінде оқуға 20% және 50% жеңілдіктер жеңіп алды. Оқушыларды дайындаған жетекшілеріне де Алғыс хаттар табысталды. Басқарма Төрағасы - Ректор Ержан Әмірбекұлы оқушыларды өз тарапынан құттықтап, марапаттарын табыстады.
Шараға қатысқан “Ертіс дарыны” орталығының басшысы Шаймурат Азамат Боранбайұлы өз сөзінде: “Облысымыздың дарынды оқушыларына 12 жыл қатарынан дәстүрлі түрде қолдау көрсетіп жатқан Марғұлан университетіне, ұжымына шексіз алғысымды білдіремін. Барша жеңімпаздарды құттықтай отыра, олимпиадаға қатысу білім мен табандылықтың ерең үлгісі” - деп атап өтті.
Жеңімпаздар қатарында ауыл-аймақтан, қала мектептерінен және дарынды балаларға арналған мектептерден қатысқан оқушылар бар.