ПАЛУАНЫМЫЗ ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕ ИЕ БОЛДЫ
27.02.2026
Қызылорда қаласында атақты палуан Қажымұқан Мұңайтпасұлы атындағы республикалық қазақ күресі турнирі өтті.
Өңірімізді Павлодардағы Әлкей Марғулан атындағы педагогикалық университеті өнер және спорт жоғары мектебінің студенті Ерікбол Салдат таныстырды. Турнирге еліміздің әр өңірінен шамамен 200 спортшы қатысып, тоғыз салмақ дәрежесінде тартысты кездесулер өтті.
Бар күш-жігерін, табандылық пен палуандық рухын көрсеткен Ерікбол 100 кг дейінгі салмақ дәрежесінде қола жүлдеге ие болды.
Спорт үздігін жеңісімен құттықтап, алдағы жарыстарда жаңа жетістіктер тілейміз!

