Перейти к содержимому страницы.

ӨЗГЕРІС ЖАСАУ – ӨЗ ҚОЛЫМЫЗДА!

16.05.2022

5 маусым – республикалық рферендум өтетіні баршаға аян. Бұл саяси науқанға қатысып, өз пікірін білдіру - еліміздің әрбір азаматының басты міндеті. Бүгін Павлодар педагогикалық университетінің ректоры Жанбол Жилбаев, «Amanat» партиясының Павлодар облыстық филиалының атқарушы хатшысы Илья Теренченко, «Amanat» партиясы жанындағы «Jas Otan» ЖҚ Павлодар облыстық филиал төрайымы Санира Жүсіпова университет студенттерімен кездесіп, референдумға қатысты түсіндіру жұмысын жүргізді.

- Қазақстан Конституциясы 98 баптан тұрады. Осы референдум арқылы соның 30-на өзгерістер мен толықтырулар енгізілмек.Бүгінде осы мәселе жөніндегі штапта 64 адам жұмыс істеп, түсіндіру жұмысын жүргізуде. Басты мақсатымыз – Ата заңға енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды қарапайым тілмен түсіндіру. Сондықтан, барлықтарыңызды 5 маусым күні өз участоктарыңызға барып, дауыс беруге шақырамыз. Себебі өзгеріс – өз қолымызда. Біз осындай маңызды таңдауларды бірге жасай отырып, Жаңа Қазақстанды бірге құрамыз , - деді Илья Сергеевич.

Университет ректоры Жанбол Жилбаев та 5 маусымда болатын саяси референдумға Павлодар педагогикалық университетінің профессорлық-оқытушылық құрамы және студенттері толық қатысып, өз дауыстарын береді деген сенім білдірді.

- Университетте дауыс беруге арналған участок құрылады. Яғни, жатақханада тұратын студенттердің дауыс беруіне барлық мүмкіндік жасалады. Дегенмен, кім қолдайды, кім қарсы болады? Ол әркімнің өзінің құқығы, - деді Жанбол Октябрьұлы.