Перейти к содержимому страницы.

ТАБИҒАТ КҮНІН АТАП ӨТУДЕМІЗ!

17.03.2022

Павлодар педагогикалық университеті Наурыз мейрамы қарсаңында Табиғат күнін атап өтті. Жаратылыстану жоғары мектебінің студенттерінің бастамасымен «Менің таза ALMA MATER-ім» акциясы өткізілді. Акция аясында студенттер оқу корпустарының, студенттер үйінің алдын жинауға ат салысты. Біздің университетте үй-жайларды және оған жақын аумақтарды көктемгі жалпы тазалау жақсы дәстүрге айналды. Студенттер қоғамдық пайдалы іс-шараға қуанышпен қатысты.