МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНА АРНАЛҒАН АШЫҚ ДӘРІС
04.05.2022
Гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінің профессоры, тарих ғылымдарының докторы Гүлфира Өтепова Павлодар қаласындағы гимназия сыныптары бар инновациялық үлгідегі №39 орта мектептің және Дарынды балаларға арналған №8 мектеп-лицейінің 8-10 сынып оқушылары үшін «Қазақстанның Ресей империясының құрамындағы тарихы» атты ашық дәріс оқыды.
Кездесу барысында оқытушы алыс-жақын шетел архивтеріндегі ғылыми-зерттеу жұмыстарының тәжірибесімен бөлісті, тарихи зерттеулердегі деректану ғылымының маңыздылығына тоқталды. Университет пен мектеп арасындағы ынтымақтастық келісімі аясында ашық дәрістер мен басқа да ғылыми шаралардың өткізілуі студенттердің жан-жақты дамуына ықпал етеді.