Перейти к содержимому страницы.

«ОТБАСЫ БАНКІ» ӨКІЛДЕРІ MU СТУДЕНТТЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

30.10.2024

Марғұлан университетінде «Отбасы банкінің» өкілдерімен кездесу өтті, онда жастар үшін банк тарапынан ұсынылатын жаңа бағдарламалар талқыланды.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойған заңға сәйкес 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап Ұлттық қордан түскен инвестициялық табыстың белгілі пайызы 18 жасқа дейінгі балалардың шоттарына аударылады.

Банк өкілдері биыл 18 жасқа толған студенттер арасында осы қаражатты қалай пайдалана алатынын хабарлап, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, студенттер депозит ашу және басқа да сұрақтар бойынша жауап алды.