Перейти к содержимому страницы.

ОРТАЛЫҚ АЗИЯДА АҒЫЛШЫН ТІЛІН ИНКЛЮЗИВТІ ОҚЫТУ САЛАСЫНДА БОЛАШАҚ КӨШБАСШЫЛАРДЫ ДАЯРЛАУ

26.02.2026

2026 жылғы 17-20 ақпан аралығында Өзбекстанның Бұхара қаласында Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетімен серіктестікте Сассекс университетінің білім беру және әлеуметтік жұмыс мектебі ұйымдастырған, Бұхара мемлекеттік педагогикалық институты мен Азия Халықаралық университеті ұйымдастырған үздіксіз кәсіптік даму бағдарламасы бойынша семинарлар өтті. Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінің өкілі ретінде «Шетел тілі: екі шетел тілі» ББ ф.ғ. к., профессор Мергүл Сәбитқызы Құлахметова және PhD докторы, қауымдастырылған профессоры Ахметова Айгүл Болатқызы шақырылды.

Семинарлардың мақсаты әр түрлі педагогикалық тәсілдердің үлгілерін тәжірибелік бағыттау және әзірлеу, негізгі көшбасшылық дағдыларды енгізу және Орталық Азияда рефлексия мен кәсіптік оқытуды ынталандыру болды. Бұхарадағы семинарлардың модераторлары профессор Саймон Томсон, доктор Кейт Перера, профессор Джулия Сазерленд, доктор Мариам Аттия, доктор Марсело Старикофф болды, олар Өзбекстан мен Қазақстанда және одан тыс жерлерде ағылшын тілін инклюзивті оқытуды ілгерілету бойынша өз идеялары мен ойларымен бөлісті.