Перейти к содержимому страницы.

ОРТАЛЫҚ АЗИЯ ЕЛДЕРІНДЕ АҒЫЛШЫН ТІЛІН ҮЙРЕНУДІ ЖЕДЕЛДЕТУ

19.03.2025

Британдық Кеңестің Орталық Азиядағы ағылшын тілін оқытуды жеделдету (AELLCA) білім беру жобасы аясында 2025 жылдың 12 наурызында Қазақстанның жетекші педагогикалық университеттері өкілдерінің жалпы білім беретін мектептер мұғалімдермен кездесуі ұйымдастырылды. Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінің өкілі ретінде «Шет тілі: екі шет тілі» БББ PhD докторы, қауымдастырылған профессоры Айгүл Болатқызы Ахметова шақырылды.

Бұл кездесудің мақсаты білім беру мекемелерінде ағылшын тілін оқыту сапасын арттырудың күшті/әлсіз жақтарын және ықтимал шешімдерін анықтау болды. Кездесудің модераторы мұғалімдердің кәсіби біліктілігін арттыру бағдарламаларын әзірлеуге, жүзеге асыруға және бағалауға мамандандырылған Британдық Кеңестің сарапшысы Саймон Борг болды.