ОРЫС ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ БОЙЫНША РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПӘН ОЛИМПИАДАСЫ БАСТАЛДЫ
27.04.2023
Ә. Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінде орыс тілі мен әдебиеті пәні бойынша XV республикалық пән олимпиадасы басталды. Олимпиаданың ашылу салтанатына университеттің басқарма төрағасы-ректор Жанбол Жилбаев қатысып, оқушыларға сәттілік тіледі.
- Құрметті олимпиада қатысушылары және топ жетекшілері! Баршаңызды «Орыс тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасы бойынша 15-ші республикалық студенттік пәндік олимпиадасының ашылуымен құттықтаймын. Марғұлан университетінің қабырғасында осындай олимпиада өткізу жас ұрпаққа білім беру мен тәрбиелеу саласындағы маңызды оқиға. Олимпиада жаңа білім мен жоғары жетістіктерге апаратын жол. «Орыс тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасы Павлодар педагогикалық университетінің ең көне бағдарламаларының бірі. Филология факультетінің тарихы сонау 1962 жылдан басталады. Кафедра ұжымы, оның негізін қалаушы оқытушылар дәстүр сабақтастығына, ғылым және әдістемелік байланысқа ерекше мән береді.Әрбір жаңа байқау жаңа есімдер ашады. Сондықтан, баршаңызға сәттілік тілеймін, - деді Жанбол Октябрьұлы.
Сонымен қатар, қазылар алқасының төрағасы филология ғылымдарының докторы, профессор Зифа Темірғазина құттықтап, бүгінгі жас ұрпақ үшін тіл білімінің маңыздылығына тоқталды. Сонымен қатар, Павлодар педагогикалық университетінің «Орыс тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасы ежелден танымал болғанын және студенттер үшін ең жоғары сапада білім беретінін атап өтті.
Олимпиадаға еліміздің әр облыстарындағы 17 жоғары оқу орнынан командалар келді. Білім сайысы 3 кезең бойынша өтеді. Бірінші кезеңде студенттер орыс тілі мен әдебиеті пәніне қатысты негізгі сұрақтарға жауап берсе, екінші кезеңде үй тапсырманың таныстырылымы болады. Сонымен қатар, шығармашылық бөлімде студенттер берілген тақырып бойынша эссе жазады.