Перейти к содержимому страницы.

«ОҚУШЫЛАРДЫҢ ПӘНДІК ОЛИМПИАДАСЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЕРЕКШЕЛІГІ» АТТЫ СЕМИНАР ӨТТІ

23.01.2024

Бүгін Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінде мектеп мұғалімдері үшін "Оқушылардың пәндік олимпиадасына дайындық ерекшелігі" атты семинар өтті. Мақсаты - оқушылардың облыстық және республикалық деңгейдегі пәндік олимпиадаға қатысу деңгейін арттыру, педагогтардың осы саладағы кәсіби шеберлігін шыңдау.

Семинарды «География және Химия» білім беру бағдарламасының жетекшісі Мұрабек Омаров жүргізіп, оқушыларды әртүрлі білім сайыстарына сапалы дайындау туралы тәжірибесімен бөлісті. Шараға қала мектептерінің мұғалімдері қатысып, көкейлеріндегі сұрақтарға жауап алды.