Перейти к содержимому страницы.

ОҚУШЫЛАР КӨНЕ БАНКНОТТАРДЫ ТАМАШАЛАДЫ

08.02.2023

Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернатында ұлттық валютаның шығу тарихына арналған дәріс-көрме өтті.

Іс-шара Павлодар педагогикалық университеті мен мектеп арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум аясында өтті. Қызықты кездесуді «Тарих» бағдарламасының докторанты Наурызбай Қаршығанов пен мектептің тарих пәнінің мұғалімдері ұйымдастырды.

Көрмеге бір рет айналымға шыққан теңге, сондай-ақ естелік және сынақ банкноттары көрсетілді. Оқушылар 1993 жылғы банкноттарды тамашалауға мүмкіндік алды. Қатысушылар ұлттық валюта мен коллекция жинау әлемі туралы көп мағлұмат алды.

2022 жылдың қараша айында «Батырмол» сауда ойын-сауық орталығында Ұлттық валюта күніне арналған Г.Н.Потанин атындағы Павлодар облыстық тарихи-өлкетану мұражайымен бірлескен көрме өткен. Оған облыстық мұражай қорынан және Наурызбай Қаршығановтың жеке коллекциясынан Қазақстанның банкноттары, 150-ден астам тиын шығарылды. Қатысушылар да ерекше қызығушылықпен тамашағалаған еді.