ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕҢЕСТІҢ ОТЫРЫСЫ
19.02.2025
Марғұлан университетінде академиялық мәселелер жөніндегі проректор Ольга Андрющенконың төрағалығымен оқу-әдістемелік кеңестің отырысы өтті. Кездесу барысында университеттің білім беру қызметіне қатысты өзекті мәселелер талқыланды.
Университеттің комплаенс-офицері Шерхан Қоқанов оқу орнының жаңа сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты туралы баяндама жасады. Бұл саясат ашықтықты арттыруға және этикалық стандарттардың сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған.
Маңызды мәселелердің бірі – ЖОО түлектерінің "Педагогтің білімін бағалау" сынағынан өтуі болдыЖоғары мектептердің . академиялық мәселелер жөніндегі вице-декандары сынақ тестілеуінің нәтижелері мен түлектерді қорытынды сынаққа дайындау барысы туралы есеп берді.
Сонымен қатар, оқыту нәтижелерін бағалау саясатының сәйкестігіне, оның ішінде жалпы білім беру және негізгі пәндерге талдау жүргізуге ерекше назар аударылды. Күн тәртібінде студенттердің жазбаша жұмыстарында плагиаттың болуын тексеру, институционалдық және мамандандырылған аккредитация қорытындылары бойынша іс-шаралар жоспарын орындау және басқа да маңызды мәселелер қарастырылды.