Перейти к содержимому страницы.

АЙДЫҢ ҮЗДІК ҚЫЗМЕТКЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

18.05.2022

Академиялық мәселелер жөніндегі проректор Ольга Андрющенконың төрағалығымен өткен жиналыста комиссия мүшелері мамыр айындағы «Айдың үздік қызметкері» байқауының қорытындысын шығарды.
Байқауға өз бөлімшелерінде үздік болып танылған 2 қызметкер қатысты.

Байқау комиссиясы қатысушылардың материалдарын мұқият зерделеп, жеңімпазды анықтады. Өз қызметінің қорытындысы бойынша осы айдың үздік қызметкері болып Академиялық мәселелер жөніндегі департаментінің оқу жетістіктерін тіркеу және есепке алу секторының әдіскері Асылбекова Айслу Габдувахитқызы атанды.

Еске сала кетейік, «Айдың үздік қызметкері» байқауы университет қабырғасында қызметкерлерді ынталандыру, құрылымдық бөлімшелер қызметкерлерінің жауапкершілігі мен атқару тәртібінің деңгейін арттыру мақсатында өткізіледі.