ОҢТҮСТІК АЙМАҚТАРДЫҢ СТУДЕНТТЕРІНІҢ КЕЗДЕСУІ
02.03.2023
Марғұлан университетінде еліміздің оңтүстік өңірлерінен білім алуға келген 1-3 курс студенттерінің кездесуі өтті. Іс-шараны университеттің Жастар саясаты басқармасы мен Кәсіптік бағдар беру бөлімі ұйымдастырды.
Кәсіптік бағдар беру бөлімінің басшысы Гүлнар Мұсанова мен Жастар саясаты мәселелері департаментінің өкілдері студенттермен өңірлердегі оқу мен демалысты ұйымдастыру, кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізу мәселелерін талқылады. Әңгіме барысында студенттер одан әрі жұмысқа орналасу, магистратураға түсу және т.б сұрақтар қойды.
Студенттер өз аймақтарында оқушылар арасында кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізуге көмектесетінін жеткізді. Олар студенттік өмірлері туралы шағын бейнероликтер түсіріп, әлеуметтік желілерде жариялауға болатынын атап өтті.
ШТ-33 тобының студенті Жәния Батырова Шымкенттегі өзі оқыған мектебінің түлектерімен кездесіп, павлодарлық жоғары оқу орнында білім алудың артықшылықтарын айтуды жоспарлап отырғанын айтты. «Маған Марғұлан университетінде оқыған ұнайды. Бізге сапалы білім беретін мықты ұстаздар сабақ береді. Мұнда өте бай кітапхана, жақсы зертханалар, спорт кешені және т.б. бар. Шығармашылық жағынан дамып, жақсы достар табуға болатын көптеген қызықты студенттік ұйымдар бар», - дейді Жәния.
Кәсіптік бағдар беру бөлімінің меңгерушісі Гүлнар Мұсанова студенттердің қатысуымен кәсіптік бағдар беру жұмыстары жақсы нәтиже беретінін атап өтті. «Мұндай жұмыстар жыл сайын жүргізіледі және бұл Қазақстанның басқа өңірлерінен студенттерді тартуға оң әсерін тигізіп жатқанын көріп отырмыз. Жасалған жағдай мен мүмкіндіктерді қазіргі мектеп түлектері өз көздерімен көріп, өздеріңізден естулері керек», – деді Гүлнар Қабдылманатқызы.
Бүгінде Марғұлан университетінде оңтүстік өңірлерден 600-ден астам студент білім алуда. Тек 2022 жылдың өзінде ППУ-ға Түркістаннан 100-ге жуық, Қызылордадан 74, Жамбыл облысынан 30-дан астам студент оқуға түсті. Жастардың барлығы оқуына көңілі толып, көбі студенттік өмірге белсене араласады.