ОНЛАЙН САБАҚ БАЙҚАУЫНЫҢ НӘТИЖЕЛЕРІ!
12.12.2022
Ә.Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінде 2022 жылдың 8-28 қарашасы аралығында өткізілген жаппай ашық онлайн курстар байқауы аяқталды. Шара университеттің 60 жылдық мерейтойына орай өтті.
Байқау оқытушыларды жоғары сапалы цифрлық контентті, инновациялық білім беру технологиялары мен дидактикалық үлгілерді әзірлеуге ынталандыруға бағытталған. Байқаудың ақтық кезеңіне бес жаппай онлайн курсы өтті.
Доцент Қабиева Салтанат Жұмабайқызы «Жас ерекшелік физиологиясы мен мектеп гигиенасы» курсын таныстырды. «Қазіргі қазақ тілі фонетикасы» авторлық курсын доцент Ерғалиев Қуаныш Советұлы әзірлеген.
Оқытушы-сарапшы Сайфурова Индира «e-Learnig. CourseLab көмегімен электронды курстар жасаймыз» курсын, сарапшы ұстаз Баймұрат Майра «Бейорганикалық химия/ Неорганическая химия» курсын, доцент Абыкенова Дария «Компьютерлік графика және дизайн» курсын әзірлеген.
Қазылар алқасының құрамына онлайн курстар мен цифрлық білім беру ресурстарын әзірлеу бойынша сарапшылар кірді. Жаппай онлайн курстың құрылымы, мазмұнының сапасы, безендірілуі, материалды ұсынуы, практикалық материалдың безендірілуі, интерактивтілігі, бақылау-өлшеу материалдарының сапасы, сонымен қатар студенттердің курсқа сұранысы бағаланды.
Барлық курстардың бірдей артықшылықтары мен кемшіліктерін ескере отырып, кешенді зерттеу, негізінде комиссия келесі номинациялар бойынша жеңімпаздарды анықтады:
- Қабиева С.Ж., «Жас ерекшелік физиология мен мектеп гигиенасы» курсы – «Үздік бейнеконтент үшін» жүлдесі;
- Ерғалиев Қ.С., «Қазіргі қазақ тілі фонетика» курсы – «Практикалық мазмұнды үздік әзірлегені үшін» жүлдесі;
- Баймұрат М., «Бейорганикалық химия/ Неорганическая химия» курсы – «Үздік жүйелі курс үшін» сыйлығы;
- Сайфурова И.О., курс «e-Learnig. CourseLab көмегімен электрондық курстарды жасаймыз» - «Курсты үздік техникалық қолдау үшін» жүлдесі;
- Әбікенова Д.Б. «Компьютерлік графика және дизайн» – «Үздік интерактивті курс үшін» жүлдесі.
Курстардың көпшілігі университеттің жаппай онлайн курстарының https://mooc.pspu.kz/ сайтында орналастырылған, тілек білдірушілер олармен танысып, жаңа құзыреттерге ие бола алады. Байқау ұстаздарымыздың заманауи цифрлық технологияларды жетік меңгергенін және сапалы курстар құра алатынын көрсетті.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз және университет оқытушыларын заманауи мұғалімдерді дайындау мен тәрбиелеуге бағытталған ауқымды онлайн курстарды құруды жалғастыруға шақырамыз!